Жанкүйерлер Головкин мен Альварестің нокауттарын салыстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube-тағы GOATBoxing арнасы  Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің нокаутттарын салыстырып, арнайы бейнебаянды жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік , WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша төрт бірдей белбеудің иегері, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және мексикалық Сауль «Канело» Альварестің арасындағы жекпе-жек ағымдағы жылы 16 қыркүйекте өтеді. Оған жанкүйерлердің рекордтық саны жиналады деген болжам бар. Осы жекпе-жектің жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) кездесуі әбден мүмкін. Ол жайында ұлыбританиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен де айтып отыр . 

Ал Головкин мен Альварес арасындағы келісімшартқа келер болсақ, онда мексикалық боксшыға қарымта кездесуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұл дегеніміз, Альварес ұтылса, Головкин міндетті түрде бұған келісуі тиіс. Ал қазақстандық боксшының өзі жеңіліп қалса, қарымта кездесуді талап ете алмайды. Boxingnews24.com сайтының журналисі Дэн Эмброузтың ойынша, Головкинге «сарыбас» мексикалық жұлдызды нокаутпен жеңу керек. Егер бұл айқас та нокаутпен аяқталса, GGG кәсіби бокстың ғана емес, PPV рейтингі шыңына да шыға алады . 

Соңғы жаңалықтар