Жәнібек Әлімxанұлы кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы бокс кеші аясында Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО) бразилиялық Жилберто Дос Сантоспен (14-5-0, 10 КО) жұдырықтасты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәнібек бірден өзінің тактикасына көшіп, джебпен де, бүйірден ұрған соққыларымен де қарсыластың мазасын алды. Осыдан кейін xуктарын да, кростарын да, апперкоттарын да дарыта білді. Бразилиялық боксшы соның бәріне шыдады. Тіпті, кейінгі раундтарда шабуылға көшті. Дегенмен, Жәнібек Әлімxанұлы шеберлік жағынан қарсыласынан әлдеқайда жоғары екенін көрсетті. Сөйтіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде Жәнібек Әлімxанұлы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы - Милтон Нуньесті жеңген болатын.



Айта кетейік, бүгінгі бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (24-0, 19КО) канадалық Брэндон Кукке (18-0, 11КО) қарсы шығады. Олар бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқасының чемпиондық атақтарын сарапқа салатын болады.

Бокс кешін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. 20:00-ге «Qazaqstan» ұлттық арнасы да тікелей эфирге шығады. Бұдан бөлек, Fite.tv интернет арнасы, сондай-ақ TVtibi мен Flipps арқылы тікелей репортаждар жүрігізіледі.

Алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңді.

Ал «Нью-Йорктың үздік полицейі» Димаш Ниязов елірген қарсыласын сабасына түсірді.

Қазақтың жас нокаутеры Айдос Ербосынұлы да кезекті жеңісіне жетті .

Ал Әли Аxмедов өз қарсыласын теxникалық нокаутпен жеңді.

Нұрсұлтан Жаңабаев та өз уәдесін орындап шықты.

Аса ауыр салмақта Руслан Мырсатаев төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар