Жанболат Мелдешев қызметіне оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» басшысы Жанболат Мелдешев қызметіне қайтып оралды. Бұл жайныда аталған орталықтың қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы Әйгерім Түгел Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР БҒМ комиссиясы орталық президентін лауазымында қалдыру туралы шешім қабылдады. Бірақ. Оған қатаң сөгіс берілді. Сонымне қатар бүгін біз жұмыстан шығарылған қызметкерлерді лауазымдарына қайтару туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Ақыры соңында жүкті келіншек пен кәмелеттік жасқа толмаған 3 баланы бағып отырған екінші топтағы мүгедек-қызметкер жұмыстарына қайта оралады. Мелдешов өз тарабынан алдағы уақытта қызметкерлерге мұндай дөрекілік көрсетпеуге уәде берді», - деп жазды ол.

Айта кетерлігі, осыдан бір айға жуық уақыт бұрын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның басшысы Жанболат Мелдешов қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілген болатын. Оған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның бір топ қызметкерінің орталық басшысы тарапынан заңға қайшы әрекет жасалғаны және дөрекілік танытқаны жөніндегі шағымы себеп болған еді.

Соңғы жаңалықтар