Жанат Жақияновтың айқасын қай телеарна көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні бокс жанкүйерлері «QAZSPORT» арнасынан тікелей эфирде қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың боксын тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі телеарна сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында ең басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы  WBA Super және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27 жеңіс, 18 нокаут, 1 жеңіліс) және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы солтүстік ирландиялық Райан Барнетт (17 жеңіс, 9 нокаут, жеңіліс жоқ) шығатын болады.

Жақиянов әлемдік бокс рейтингісінде 12-ші орында болса, Барнетт-5-ші орында. Жанат Жақиянов WBA Super және IBO  белбеулерін 2017 жылдың ақпанында алды, ал Барнетт маусым айында IBF чемпиондық белбеуіне ие болған болатын.

Соңғы жаңалықтар