Жанат Жақиянов пен Райан Барнеттің жекпе-жегін қайдан көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазанның 21-нен 22-сіне қараған түні қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Жанат Жақиянов пен Райан Барнеттің жекпе-жегін «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, 2017 жылдың 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтетін бокс кешінде ең басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы WBA Super және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27 жеңіс, 18 нокаут, 1 жеңіліс) пен IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы солтүстік ирландиялық Райан Барнетт (17 жеңіс, 9 нокаут, жеңіліс жоқ) жұдырықтасады. Әлемдік бокс рейтингі бойынша Жақиянов 12-орында, ал Барнетт -5-болып тұр. Жанат Жақиянов WBA Super және IBO  белбеулеріне 2017 жылдың ақпанында ие болса, Барнетт маусым айында IBF чемпиондық белбеуін алған болатын.

«Боксшылар өздерінің чемпиондық белбеулерін жеңіске тігіп отыр. Ал жеңіске жеткен боксшы WBA Super және IBF чемпиондық белбеулеріне ие болады. Бокс кешін «QAZSPORT» телеарнасынан 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні сағат 00:30-да өткізіп алмаңыздар», - делінген ұлттық арнаның таратқан баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар