Жанат Жақиянов чемпиондық белдігінен айырылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақиянов чемпиондық титулы сарапқа салынған жекпе-жекте жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) Райан Барнеттпен (17-0, 9 КО) болған жекпе-жекке жеңіл салмақта WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігін тіккен еді. Ол бұл белдікті биыл ақпан айында Роши Уорреннан (15-2, 4 КО) жеңіп алған болатын. Ал ирландиялық боксшы болса шілде айында ғана иеленген IBF чемпиондық белдігін тіккен-ді.

Айта кетейік, сарапшылар кездесу алдында ұпай саны бойынша Барнет жеңеді деген пікір білдірген. Бұл болжам айнымай келіп, төрешілер бір ауыздан жеңісті Барнеттке берді.

Өкінішке қарай, бұл - Жақияновтың спорттық мансабындағы екінші жеңіліс. 

Соңғы жаңалықтар