Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

«Жанарсыз да жарық әлем»: Зағип жандар арасында жазудан сайыс өтті

«Жанарсыз да жарық әлем»: Зағип жандар арасында жазудан сайыс өтті
2017 жылғы 15 қараша 15:52 379

 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Дүниежүзілік көз мүгедектері күніне орай «Жанарсыз да жарық әлем» атты Брайль жүйесі бойынша жазудан сайыс өткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. 

Бәсекеге қатысушылардың басым көпшілігі өздігімен үйренген оқырмандар. Өйткені, көз мүгедектеріне арналған мектеп Алматы қаласында болғандықтан оқырмандар кітапхана жанынан құрылған  «Брайль үйірмесінде» дайындалады. Шараны кітапхана директоры Нұрлан Бақтияров ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында «Үздік оқырман» номинациясымен белсенді оқырмандар марапатталды. Бәсеке соңы кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.  

Аталған шараның өз деңгейінде өтуіне "Абзал Проект-Консалтинг" ЖШС-нің директоры Мұрат Сәрсенбаев, «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры Салкадин Мырзабеков, ЖШС «СМП-Қызылорда» директоры Темірхан Әлімқұлов демеушілік жасады.

 

 

Басты сөздер: Қызылорда облысы, Қоғам, Білім,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер