Жаңаөзендік оқушы Қазақстанда алғаш рет робот-даяшы жасап шығарды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат -  Жаңаөзен қаласы мектеп-лицейінің оқушысы Рамазан Қойшыбаев робот-даяшы жасап шығарды. Бірінші нұсқаның қызметі әзірге қарапайым, яғни, желі бойынша жүріп, келуші үстеліне тапсырысты жеткізеді. Мұны жасауға 50 мың теңге ғана жұмсалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Роботтың биіктігі шамамен 40 см. «Робототехника» үйірмесінің басшысы Бақытжан Мұхаммедтің айтуынша, мұны жасап шығару идеясын Жаңаөзенде «Караван» деген дәмханасы бар   досы айтқан. Даяшылар жұмыстарына үлгермей  жатқанын көрген ол, «егер робот-даяшылар болса, жақсы болар еді» деген ойын білдірген. Сосын Бақытжан өзінің қамқорлығындағы Рамазан Қойшыбаевқа осындай робот жасап шығаруды ұсынған.
 

«Рамазан бір апта бойы жобаны іске асыру тетігін, бағдарлама жұмысын, оның сыртқы түрін ойластырды. Сосын барлығы бірге нәтижені талқылады. Екі күннен кейін ол маған дайын роботпен видео жіберді. Робот машина сияқты үстелдің жанында қара түспен белгіленген  желі бойынша дәмханада жүріп отырады.  Бағдарлама ұялы телефонның блютузы арқылы беріледі. Әкімші үстел нөмірін басқанда, робот тапсырыспен үстелге барады. Егер үстел нөмірі жұп болса, робот басын оңға бұрады, егер тақ болса - солға. Тапсырыс дайын дегенді ол қазақ тілінде хабарлайды», - деді Бақытжан Мұхаммед.
 

Робот итальяндық  «Arduino» аикроплата платформасында құрылған. Оның корпусы әзірге дайын емес. Онымен жергілікті мамандар айналысуда. Бірнеше күннен кейін ол өз «сауытын» алып, дәмханадағы жұмысына кіріседі.

Соңғы жаңалықтар