Жаңаөзендегі «биші» Аяз атаға айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде Аяз атаның киімімен көшеде билеп жүрген адамды полиция іздеп тауып, айыппұл салды, деп жазады Лада .

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, «биші» деген атақ алған Аяз ата Жаңаөзен қаласының 1972 жылы туған тұрғыны болып шықты. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Оған 5 АЕК (11 345 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде Аяз атаның киімімен көшеде билеп жүрген адамды полиция іздеп жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар