Жаңаөзенде бұзақыға 1 134 500 теңге айыппұл салынды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қалалық сотында  ҚР Қылмыстық кодексінің  293-бабының  1-бөлігімен А-ға қатысты қылмыстық іс бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қаралды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сотта анықталғандай, сотталушы А. қасақана, бұзақылық ниетпен Жаңаөзен қаласы, «Өркен» шағынауданында орналасқан «Қуаныш» мейрамханасының алдында жәбірленуші Г-ға себепсіз тиісіп, оны соққының астына алған және қоғамдық орында айқай-шу шығарып, қылмыс болған жерден бой тасалап кеткен.

Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 134 500 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар