Жаңаөзен маңында болған жол апатында аяғынан айырылған бүлдіршін қыз есін жиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңаөзен маңында болған жол апаты салдарынан аяғынан айырылған бүлдіршін қыз есін жиды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Ладаға» сілтеме жасап.

10 жасар қыздың жағдайы туралы облыстық балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Әлия Әшімова айтып берді. Оның айтуынша, екі аяғын кесіп алып тастаған қыз есін жиған. Оны травматология бөліміне ауыстырды. Баламен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.

«Әзірге бүлдіршіннің сөзі түсініксіз. Дәрігерлерді көрген кезде қорқып, жылайды. Ата-анасын танып жатыр. Ол өздігінен тамақтануда. Бірақ жағдайы тұрақты ауыр. Күнде онымен және оның ата-анасымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр», - деді Әлия Әшімова.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасында Ақтау мен Жаңаөзендегі ауруханаларда тағы төрт адам жатқанын хабарлады.

«Маңғыстау облыстық ауруханасында 19 жастағы жігіт жатыр. Оны 6 желтоқсанда Жаңаөзеннен санавиациямен алып келген еді. Күн сайын біздің дәрігерлер елордалық травматологтармен байланысып, жұмыс істеп жатыр. Ол Ақтауда қажетті ем алғаннан кейін, протездеу үшін Астанаға жіберіледі», - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғатбек Бапиев.

Еске сала кетсек , 25 қарашада «ГАЗель» мен тепловоз соқтығысқан жан түршігерлік жол апаты болған еді. Оқиға салдарынан 9 адам қаза тауып, 27 жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар