Жаңаөзен қаласында жезөкшелер ордасы анықталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде  қалалық моншадан жезөкшелер ордасы анықталып, «жеңгетайлықты» кәсіп еткен азаматша ұсталды. Полиция қызметкерлері тәнін саудалаған  онға жуық қызды полиция бөлімшесіне жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Стоп- Трафик» жедел  алдын алу шарасы   кезінде осындай азғын әрекетке барғандар анықталды. Жеңіл  ақша тапқысы келген  «жеңгетай» монша қызметімен қатар, келушілерге жезөкше қыздарды ұсыну арқылы пайда тапқан. Қос қызмет ұсынған саунада  Тараз  қаласынан  келген қыздар көп екен.

¤Рейдтің мақсаты - тәнін саудалап, жезөкшелікпен, жеңгетайлықпен айналысу фактілеріне жол бермеу, тосқауыл болу.  Жедел іздестіру барысында келушілерге қыздарды ақшаға  сатқан жеңгетай  жазаға  тартылды. 

«Вокзалдағы моншадан жезөкшелер  мен жеңгетайлықпен  айналысып жүрген монша әкімгері  ұсталды.  Олардан  табыс  етілген  ақшалар анықталды. Жезөкшелер  санатына қойылып, тиісті құжаттар тіркелді.  Іс тіркеліп, ҚР ӘҚТК 450-492 баптары бойынша  сотқа жіберілді», - дейді   ЖҚ ІІБ жедел уәкілі  Болатбек Ықыласов.

Құқық қорғау органы қызметкерлерінің мәліметі бойынша, 2017 жылдың  үш айында   жеңгетайлықпен  айналысқан  екі  әйелдің  ісі сотқа  жолданыпты. Биыл жыл басынан бері осындай  екі дерек  тіркеліп отыр.  Сондықтан жедел алдын алу шарасы тағы жалғаспақ.

Фото: ustinka.kz

Соңғы жаңалықтар