Жаңақорғандықтар Сырдариядан төнген қауіпке жұмыла төтеп беруде

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сырдариядан төнген қауіпке байланысты Жаңақорған ауданының тұрғындары су қаупінің алдын алуға жұмыла кірісті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Аудан әкімі Ғ.Әміреев басқаратын штаб мүшелері бұл бағыттағы іс жоспарын бекітіп, су басу қаупі жоғары нысандар мен аумақтарды нақтылады. Жұмыстарға 200-ге жуық адам мен 20 техника жұмылдырылды.

«Дария арнасын толтырған мол су, әсіресе, Қожакент, Кейден, Байкенже ауылдарына айрықша қауіп төндіретіндігі белгілі болып отыр. Бұл ауыл тұрғындары ортақ істен шет қалмай, тасқынға тосқын болатын жұмыстардың бел ортасында жүр», - делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сыр елінің Сырдария ауданында су тасқынына қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар