Жаңа жылға немеремізге қауіпсіз ойыншық алғанымызды қайдан білеміз - Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тек статистикамен ғана шектелмей, тәртіп бұзатын кәсіпкерлер мен олардың тауарлары туралы ақпаратты ашық жариялауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жерде денсаулыққа зиянды тауарларды тасып жүрген 50 кәсіпкерді анықтадық деп отырмыз. Ал xалық олардың кім екенін біле ме? Қандай тауарды алмау қажеттігін түсіне ме? Олар ертең дүкенге барғанда дәл сол тауарларды алмауы қажет қой. Ойыншықтар болса, нақты қай ойыншықтар екенін көрсету керек. Алдымызда жаңа жыл, балаларымыз мен немерелерімізге ойыншықтарды көптеп ала бастаймыз. Ал тауарлардың қаншалықты қауіпсіз екенін қайдан білеміз? Ол туралы ақпарат жоқ қой», - деді Б.Сағынтаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Осы орайда Премьер-Министр сапасыз тауарлар туралы xалықты үнемі құлақтандыру қажеттігін жеткізді.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзіне қарағанда, биылғы тексерістер кезінде тамақ өнімдерінің 7,3 пайызы талапқа сай емес болып шықты. Соның басым бөлігі - шетелден келетін тауарлар.
«Жалпы, 172 мың тоннадан астам тауарлар утилизацияға жіберілді. Себебі xалық денсаулығына зиянды. Аталған тауарлардың ішінде балаларға арналған өнімдер де аз емес. Осы орайда ойыншықтардың 36,6 пайызы балалар үшін зиянды екенін ерекше атап өткен жөн. Ондай ойыншықтардың құрамында улы заттар, я болмаса, жарақат салу қаупі бар. Ондай ойыншықтардың басым бөлігі Қытай мен Түркиядан жеткізіледі», - дейді Е.Біртанов. 7

Соңғы жаңалықтар