Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 15 °С
USD 325.79 EUR 402.94
RUB 5.33 CNY 51.90
Жаңалықтар

Жаңа жыл түні Астанада 57 нәресте дүниеге келді

2018 жылғы 3 қаңтар 22:42 1038
Бөлісіңіз:
Жаңа жыл түні Астанада 57 нәресте дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың алғашқы күні Астана халқының саны 57 адамға көбейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қаланың үш перинаталдық орталығында 57 сәби дүниеге келді.

Қалалық Денсаулық сақтау басқарамасының мәліметінше, жаңа жыл түні елордада 9 адам пиротехникадан зардап шекті.

Қаланың травмотологиялық пунктеріне 320 адам жүгінді. Бұған қоса қаңтардың 1 мен 3 аралығында қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы 1561 шақыртуға қызмет көрсетті.

Айта кетейік, жаңа жыл түні Астанадағы қауіпсіздік пен тазалық жұмысын қамтамасыз етуге 32 мыңнан астам жұмылдырылған болатын.

 

 


Басты сөздер: Қоғам, Астана,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат