Жаңа жыл түні Ақтөбеде 57 бала дүниеге келді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жаңа жыл түні Ақтөбеде 34 ер бала, 23 қыз дүниеге келді. Жас аналарды қала әкімі Ілияс Испанов құттықтап, сый таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі перзентханаларда жаңа жыл түні жұмыс тоқтаған жоқ. Бір түнде 57 бала дүниеге келді. Олардың басым бөлігі ер бала. Бүгін жас аналарды қала әкімі Ілияс Испанов құттықтап барды.

«Жаңа жыл түні сәбилі болу менің арманым еді. 31 желтоқсан күні мен үйде мерекеге дайындалып, кейін күйеуіммен перзентханаға келдім. Қызым түнгі сағат 2:00-де дүниеге келді. Аман-сау баламды бауырыма бастым. Сәбиімнің салмағы 3 келі 100 грамм, бойы 50 см»,- деді жас ана Айжан.

Жас аналарды Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов құттықтады. Әр отбасыға амандық тілеген қала басшысы арнайы сыйлықтар үлестірді.

«Ақтөбе облысында 34 ер бала, 23 қыз өмірге келді. Ал Ақтөбе медициналық орталығында 9 ер бала, 6 қыз дүние есігін ашты»,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. 

Соңғы жаңалықтар