Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -20 °С
Алматы: -9 °С
USD 329.41 EUR 403.92
RUB 5.84 CNY 51.23
Жаңалықтар

Жаңа жыл кешінде жанармай бекетіне шабуыл жасағандар іздестірілуде - СҚО

2018 жылғы 3 қаңтар 16:44 593
Поделиться:
Жаңа жыл кешінде жанармай бекетіне шабуыл жасағандар іздестірілуде - СҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 31 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» АҚ-қа қарасты жанар-жағармай құю бекетіне шабуыл жасаған екі адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда 70-тен астам киікті атқан тұрғын ұсталды ОҚО-да мектептің бұрынғы директоры аттестат сатқан деп айыпталуда

СҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Аталған іс бойынша ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық бетін ашу үшін облыстық ІІД мен Қызылжар аудандық ІІБ-нің қызметкерлерінің бірлескен жедел іздестіру тобы құрылды», - деп хабарлайды құзырлы ведомствоның баспасөз қызметінен.

СҚО ІІД-нен хабарлағандай, қылмыс барысында күзет агенттігінің қызметкері шабуыл жасаған екі адамның бірін оқ атып жаралаған. Кассадағы әйел де оларға айтарлықтай қарсылық танытқан көрінеді. Алайда қылмыскерлер оқиға орнынан жедел із суытып кеткен.


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат