Жаңа жолдау азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді - экономист

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру Қазақстанға жаһандық кеңістіктегі орнын нығайтуға, мемлекеттің әрі қарайғы дамуының ағымдағы мәселелерін кешенді шешуге мүмкіндік береді, деп санайды экономист Айбол Арғынғазинов.

«Жолдауда көзделген экономикалық шараларды мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша конституциялық реформалармен бірге іске асыру Қазақстанды толықтай әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға, ұлттық экономиканы нығайтуға, барлық азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді»,  деп толықтырды ол өз сөзін. 

Әлемдік экономика өсімінің төмендеуі мен тәуекелдерін, сауда, инвестициялар, коммуникациялар ағындарының өзгерісі мен жаңа технологиялық тәртіпті ескерсек, инвестициялық стратегияны қабылдау, Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыру және жаңа экономикалық модельді әзірлеу экономика өсімін, оның макроэкономикалық тұрақтылығы мен макропруденциалды орнықтылығын қамтамасыз ететін уақтылы шаралар болып табылады».

Соңғы жаңалықтар