Жаңа жабдықтар жөндеуден өткен ауруханаларда ғана орнатылады - Даниал Ахметов

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының медициналық мекемелері  ақылы қызметтер үшін 2,2 млрд теңге алды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Бұл туралы бүгін ауруханаларды жабдықтау, емдеу мекемелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу және медицина қызметкерлерінің жалақы мәселесі талқыланған облыс әкімдігінің отырысында өңір басшысы Даниал Ахметов айтты.

Облыс әкімі медицина қызметкерлерінің жалақысы өсіп жатқанына қуанышты екенін айта келе, онымен бір мезгілде, шығындар қарастырылып қойғанынаа қарамастан, бірде-бір емхана не ауруханада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін атап өтті.

 «Медицина саласы үшін 6 млрд теңгеге сатып алынатын жаңа жабдық жөндеуден өткен ғимараттарға ғана орнатылады», - деп тапсырды әкім өңірдің денсаулық сақтау саласының жетекшілеріне. - Бюджет бұл шығыстарды көтере алмайтындарға ғана көмектеседі».

Соңғы жаңалықтар