Жаңа технологиялар Қарағанды облысында суды тұтыну көлемін азайтпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының экологиялық музейінің мамандары елді мекендерге суүнемдеуші технологияларды енгізуде. Аталмыш технология су тұтыну көлемін екі есеге азайтуға мүмкіндік береді. Жобаның құны 25 млн теңге деп хабарлайды ekaraganda.kz.

Экологиялық музейдің қызметкерлері мектеп оқушыларын суды үнемді пайдалануға үйретпек. Ол үшін ресурс үнемдеу жылыжайы пайдаланылады. Ғимаратқа су жиналатын ыдыстар орнатылған. Қардың ұстап тұратын кедергілер де бар. 

«Біз қардың ерітінділері өзге жаққа ағып кетуіне жол бермейтін әдістер қоданудамыз. Өйткені топыраққа ылғал қажет. Жаз кезінде біз жаңбырдың суын ыдыстарға құйып алып, көкөністерді тамшылатып суару әдісімен сумен қамтамасыз етіп отырдық»,-деді №4 орта мектеп мұғалімі Бауыржан Құрымов.

Айта кетейік, келесі ілкі жоба алаңы фермерлік қожалық болады. Ақырындап «жасыл экономика» курсынан ауыл тұрғындарының барлығы өтеді.

Соңғы жаңалықтар