Жаңа қазақстандық телеарна 27 наурыздан хабар тарата бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хабар» телеарнасы тағы бір арнамен толыға түспек. 27 наурыз күні «Қазмедиа Орталығы» ғимаратында «Ел арна» телеарнасының таныстырылымы өтеді.

Аталмыш телеарна отандық көркем фильмдер мен телесериалдарды таратады. Жалпы алғанда «Ел арна» атауы көпшілікке кеңінен танымал. Алайда оның қамтитын тақырыптары мүлдем өзгерген.

«Мұнда материалдардың басым бөлігін немесе 80 пайызын көркем фильмдер құраса, 20 пайызы документалистикамен байланысты болады. Қазақстандық туындылар мен отандық сериалдар көрсетіледі»,-деді аға редактор Әлия Балтабаева.

«Біз сонымен қатар авторлық фильмдерді де назарға алмақпыз. Бұл жерде 40-шы жылдардың туындылары мен «Қазақфильм» киностудиясының қазақ және орыс тілдеріндегі «алтын қоры» сақталады. «Ел арна» телеарнасының жұмыс кестесі жас ерекшеліктеріне қармастан барлық көрермендерге қызықты болатындай етіп ұйымдастырылған. Тұңғыш болып эфирге Қазақ вальсінің королі атанған әйгілі композитор Шәмші Қалдыаяқов туралы көркем фильм көрсетіледі.

Телеарна режиссері Баян Қызылованың сөзінше, басты назар бейнелендіру жұмыстарына аударылған. Сонымен қатар телеарнаның логотипі мен базалық түсі өзгерген. 27 наурыз күні сағат 18-00-ден бастап әрбір көрермен телеарнаның жаңа келбетіне баға бере алады.

Соңғы жаңалықтар