Жаңа iPhone-ның тұсаукесері кейінге қалдырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple өндірістен туындаған мәселелер мен ұялы телефон бөлшектерінің жеткізілуіне байланысты, жаңа iPhone-ның тұсаукесерін кейінге қалдырды, деп жазады The Financial Times.

«Уолл-стрит келесі iPhone шығарылымының айтарлықтай кешігетіндігіне дайын отыр. Жеткізілуге тиіс бөлшектердің тапшылығы мен өндірістік мәселелердің туындауы Apple компаниясының жаңа смартфонды көпшілікке таныстыру рәсімін уақтылы жасуға кедергі келтіреді», - деп жазды басылым.

Арнай мамандар, мұндай жағдай компанияның негізгі бәсекелесі - корейлік Samsung-ке қатысты Apple-дың ұстанымдарына нұқсан келтіруі мүмкін екендігін айтады.

Соңғы жаңалықтар