Жаңа дәуірде дамуды алға жетелейтін адамдарды тәрбиелеу керек - Дариға Назарбаева

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа дәуірде бейбітшілікті, дамуды алға жетелейтін адамдарды тәрбиелеу керек. Бұл туралы XIV Еуразия медиа форумында (ЕАМФ) ЕАМФ Ұйымдастыру комитетінің төрайымы, Сенат депутаты Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бұрындары болмаған даму қарқыны көптеген тарихи қалыптасқан құндылықтар мен стереотиптерге жаңаша қарауға мәжбүрлеп отыр. Олар қазіргі заманғы адамның ой-пікірінің бейнесін қалыптастырады, шекараларды жойып, әлемнің ашықтығын арттыра түседі, сонымен бірге оның осал тұстарын көрсетеді",-деп тоқталды сенатор.

Медиаорум_Виктор_001 

Д. Назарбаеваның пайымынша, жаңа үйлесімді әлемді тар дүниетанымда, теріс қалыпта және пессимизмде құру мүмкін емес. Осы орайда мықты адамдардың жаңа буынын тәрбиелеу керек, себебі оларға өткен кезеңдегі тарихи реніштер мен трагедиялар  алға жылжуға кедергі жасамайтын болады.

Медиаорум_Виктор_001 

"Биыл біз конференцияны өткізу күнін арнайы өзгерттік. Ондағы мақсатымыз, сіздерге Болашақтың энергиясы саласындағы әлемдегі қызықты жетістіктермен танысуға мүмкіндік беру болатын. Біздің ел үшін мұндай үлкен шараны өткізу - мақтаныш қана емес, ол ұлттық экономиканың барлық саласының дамуының катализаторы болады деп сенеміз. Құрметті қонақтар, біздің қуанышымызды бөлісуге келгендеріңіз үшін қуаныштымын. Жақсы достармен қуанышты бөлісу оны бірнеше есе көбейте түседі. XIV Еуразиялық медиа форумның жұмыс күндерінде  пікірталастарға құрметті қонақтар қатысады. Олар Түркияның 11-і президенті Абдолла Гүл, Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозу, АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі, АҚШ-тың бұрынғы энергетика министрі Билл Ричардсон, Израиль Премьер-Министрі Әкімшілігінің бұрынғы басшысы, келіссөздер бойынша бас маман Гилад Шер, әлемнің ең жас көшбасшыларының бірі Параг Ханна, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Раджендра Пачаури,  жуырда өзінің тамаша энергиясымен барлық интернет-кеңістікті «жарған» «биші-миллионер» Джанлукка Вакки және басқа да маңызды және есімдері әйгілі тұлғалар бар",-деп тоқталды Д. Назарбаева.

Медиаорум_Виктор_001 

Осы орайда ол конференция жұмысына қатысуға шақыруды қабылдаған меймандарға алғысын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар