Жаңа әліпбиде «ю» мен «я» дыбыстары неліктен жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Әлімхан Жүнісбек жаңа әліпбиде «ю» мен «я» дыбыстары неліктен жоқ екендігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жазу реформасын қолға алғандағы мақсатымыздың өзі де орыс тілінен енген кірме таңбаларды қазақша таратып жазу болатын. «Я» дегеніңіз -қазақтың екі дыбысының тіркесі. Ал енді «ю» дегеніңіз - қазақтың үш дыбысының тіркесі. Сондықтан алдағы уақытта әдістеме, оқулық арқылы түсіндіре отырып, осылай таратып жазатын боламыз. Сонда қазақ тілінің буын құрамы бұзылмайды. Үндестік әуезі, морфема құрамы бұзылмайды. Тағы сондай үлкен жетістіктерге жетеміз. Қазіргі кириллица негізіндегі көп сөздеріміз, біріншіден, тілдің үндестік әуезін бұзып отыр», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ал Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов осы уақытқа дейін қазақ тілінде 42 дыбыс бар деп қателесіп жүргендігімізді баса айтты.

«Әңгіме содан туып тұр. Ю мен я-ны көптеген азамат дыбыс деп қабылдайды. Таңба бар, дыбыс деген бар, осыны біз айыра білуіміз керек. Орыстарда орыс латиницасы бар әрі ол бекітілген. Жұмыс латиницасының бекітілгеніне он жылдан асып кетті. Онда да ю мен я жоқ. Францияда Ницца деген қала бар, орысша солай айтады. Француздарда «ц» деген әріп жоқ, дұрысы - Ниса. Ағылшында «цирк» деп айтпайды, «сирк» деп айтады.  «Ц» - орыстардың әрпі. Біз түп төркіні бөлек тілдің емле ережесіне дағдыланып келдік. Қазақ тілі - ағылшын тілі де емес, орыс тілі де емес», - деді Тілешов.

Соңғы жаңалықтар