Жамбылдық жастар бизнесте белсенді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасынан Жастардың инновациялық және шағын кәсіпкерлік кеңесі құрылды, деп хабарланды Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасынан.

Мұндай құрылымды ашу ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында қолға алынып отыр.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан қазақстандық ұл-қыздардың арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер бойынша, зерттеуге қатысқан респонденттердің 42 пайызы өздерінің кәсіпкерлікпен айналысқылары келетіндігін, алайда, оған қажетті қаражаттарының жоқтығын айтады. Бүгінде елдегі кәсіпкерлердің тек 30 пайызы ғана жас бизнесмендер»,-дейді палата өкілдері.

Кеңестің алғашқы отырысында оның құрамы мен ережелері бекітілді.

«Аталмыш кеңесті құрудағы басты мақсат - жастардың, инновациялық және шағын кәсіпкерлікті қолдау және мемлекеттің жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша бизнес пен мемлекеттік органдардың арасындағы байланысты нығайту»,-деді Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова. .

Кеңес өкілдері оның құрамына өңірдегі мықты бизнесмендерді тартып, кеңестің мәжілістерінде бизнеспен байланысты өзекті деген мәселелерді талқыға салып отырмақ.

Соңғы жаңалықтар