Жамбылдық ватерполистер Ресейдегі ашық чемпионатта өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық деңгейде өнер көрсететін жалғыз команда ең танымал турнирлердің бірі - Ресей чемпионатына дайындалуда. Аталмыш бәсеке 9-15 қазан аралығында Мәскеу маңындағы Руза қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, әйелдер арасында су добынан Интерқұрлықтық FINA турнирінің әлем бойынша ең мықты 6 командасының қатарына кіретін Қазақстан құрамасының 80 пайызы тараздық «Айша-бибі» клубының спортшыларынан құралған.

Қазіргі таңда жамбылдық ватерполистер «Тараз-Арена» спорт сарайында тыңғылықты дайындықтан өтуде.

«Айшы-бибі» клубының жетекшісі, ҚР су добынан еңбегі сіңген жаттықтырушы Алан Балфанбаевтың айтуынша, биылғы жылы команданың алдында бұрынғысынша сол ең мықты алтылықтың құрамында қалу міндеті тұр.

«Өткен жылы біз осы межені бағындырғандығымызды назарға алатын болсақ, алдыға қойған міндетті орындауға толық мүмкіндігіміз бар. Ал, Ресейдің ашық чемпионатына өзге емес тараздықтардың өнер көрсетуінде Жамбыл облыстық спорт басқармасы басшыларының еңбегі зор»,-дейді жаттықтырушы.

Соңғы жаңалықтар