Жамбылдық ұстаздар білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы білім беру мекемелерінің қызметкерлері ұстаздардың кәсіби біліктілігін көтеру мен үздік инновациялық тәжірибелерін дамыту жайын талқылады.

Бұл туралы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ресми өкілі Жандар Асан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, ТарМПИ-дың ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: білім берудегі инновациялар және тәжірибе» атты педагогикалық оқулар аясында өткен алқалы жиында білім мен ғылымды интеграциялаудағы жаңашылдықтар, дуалды білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті педагог кадрларды дайындаудың маңызы,  жаңартылған білім беру мазмұнында педагогтің кәсіби шеберлігін арттыру мен өзекті мәселелерді шешу жолдары және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  инновациялық іс-тәжірибесін зерделеу сынды мәселелер сөз болды.

«Басқосуда білім беру мазмұнын жаңарту, педагогикалық мамандықтардағы менеджмент, педагогикалық кадрларды даярлауда және біліктілігін арттыруда жаңа амалдарды жүзеге асыру сынды білім беру жүйесінің негізгі трендтерін айқындайтын мәселелер қарастырылды. Бұлардың барлығы нарықтық экономика жағдайларында өмір сүру талаптарына сәйкес өз білімі мен мәдениетін үздіксіз арттыруға, әлемдік ақпараттық кеңістікте бірігуге қабілетті еркін және сын тұрғысынан ойлай алатын тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамыту жағдайларын қамтамасыз етуді шешуге бағытталуы тиіс», - дейді ол. 

Соңғы жаңалықтар