Жамбылдық тұрғын тергеушіге миллион теңге пара бермек болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті полиция қызметкері жемқорлыққа қатысты қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан хабарлағандай, ҚР ІІД есірткіге қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Қордай ауданында азамат Ш.-ны ұстаған. Одан тәртіп сақшылары 187,14 грамм героинді анықтап, тәркілеген.

Ары қарай аталмыш қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізу Жамбыл облыстық ІІД тергеу басқармасының қызметкері К-ға тапсырылған.

Тергеушіге азамат И. келіп, ұсталған адамның туысы болып танысқан. Ол қызметтік кабинетте тергеушіге өзінің туысына тағылған айыпты аса ауыр емес қылмысқа ауыстыруды сұрап, бір миллион теңге ұсынған. Осылайша, ҚР ҚК-нің 367-бабында қарастырылған қылмысты (Лауазымды тұлғаға пара беру) жасаған.

ІІД-ден хабарланғандай, тергеуші алған, пара ретінде берілген 150 мың теңгені қайтару кезінде И. мен оның қарындасы ұсталған. Сот оларды екі айға қамады.

Санкцияық жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде азамат И.-дің заңсыз әрекеті құжатталып, заттай дәлелдер тәркіленіп, қылмыстық істің материалдарына бекітілген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар