Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -13 °С
Алматы: -8 °С
USD 334.32 EUR 392.29
RUB 5.63 CNY 50.53
Жаңалықтар

Жамбыл облысының бас сәулетшісі тағайындалды

2017 жылғы 30 қыркүйек 19:17 967
Поделиться:
Жамбыл облысының бас сәулетшісі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімінің 29 қыркүйектегі өкімімен Мамажанов Бекежан Самижанұлы Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамажанов Бекежан Самижанұлы 1965 жылы туған, білімі жоғары. Алматы құрылыс техникумын «архитектор», Еуразиялық ұлттық университетін «заңгер», Қазақ ұлттық аграрлық университетін «жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау инспекторы», М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «құрылысшы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданы Пригородный ауылында жұмысшы болып бастаған.

2000-2003 жылдары Астана қаласының жылжымайтын мүлік орталығының маманы, директорының орынбасары, 2005-2008 жылдары Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Алматы облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы, 2013-2014 жылдары Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшының орынбасары болды.

 

 

 


Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Мұрағат