Жамбыл облысының 25 түйелі керуені бүгін түнде Астанаға жетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық Халық шығармашылығы орталығы бөлімінің басшысы, Жамбыл облысынан Астанаға келе жатқан этнокеруеннің жетекшісі Нұралы Абдуллаев ҚазАқпарат тілшісіне қатысушылардың екі айға созылған сапары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, керуен Астана қаласына жақындап қалды.

«Дәл қазір Астана қаласына кірейін деп тұрмыз. Қалаға түнде жететін шығармыз. Ертең «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының жанында боламыз. Әзірге керуен ұзақ сапардан тынығып жатыр. Керуен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың жіті қадағалауында, оған бар жағдай туралы xабар беріп тұрдық», -  деді Н.Абдуллаев.

Керуен жетекшісінің айтуынша, елдімекендер жолаушыларды асқан қызығушылықпен күтіп алған.

«Халықтың қызығушылығы орасан болды, себебі мұндай керуенді біздің xалық бұрын-соңды көрмеген. Бұл жай ғана керуен емес, тұтас театрландырылған қойылым. 25 түйе, 5 пәуеске, 40 салт атты... Әрбір пәуескеге «Қыз Жібек», «Айша бибі» сынды есімдер бердік. Керуен соңында «немерелеріне» ата-бабаларымыз туралы аңыз-ертегілер айтатын әжелер болады. Мұның барлығы қазір емес, 550 жыл бұрын болғандай әсер қалдырады. Енді мұндай керуен сапарларында аталарымыздың қандай сезімде болғанын жақсы білеміз», - деді ол. 

Керуен басшысы қалжырағандарына қарамастан, көңіл-күйлері көтеріңкі екенін айтуда.

«Әрине, ұзақ сапардан аздап шаршадық. Бірақ бұл - қуаныштың шаршауы. Тауға немесе сарқыраманың жанына тоқтағандағы сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын. А кейбір ауылдар бауырсақпен, қымызбен және жақсы көңіл-күймен қарсы алса, тіпті ғанибет! Тіпті бізді көру үшін көрші аудандардан арнайы келген тұрғындар да болды»,- дейді ол. - «Кей кездері ен далаға тоқтаған кездер де болды, айналаңда жыландар мен кесірткелер жорғалап жүреді. Ұзақ сапарда бозбалалар мен бойжеткендердің көңілдері жарасып, үйлену тойы туралы уағдаласып үлгерді».

Еске сала кетсек, «Көне Тараз - Астана» керуені елордаға 20 мамыр күні шыққан еді. Осылайша, керуеншілер екі ай жол жүрді.

Соңғы жаңалықтар