Жамбыл облысындағы тас жолда автобус өртенді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылдық өрт сөндірушілер бір сағат ішінде тілсіз жауды жойды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Жамбыл ауданында, Алматы - Ташкент халықаралық тас жолының 551-ші  шақырымында «FAW» автобусында өрт шықты», - деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен. - Өрт салдарынан автобус салоны отқа оранды. Жапа шеккендер жоқ». 

5 өрт сақшысы жарты сағат ішінде оқиға орнына жетті, жеті минут ішінде от жойылды.

Автобус салонында үш адам болған. Олар баратын жеріне сол жолмен өткен өзге көліктермен жетті, деді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен. 

Соңғы жаңалықтар