Жамбыл облысындағы өрт адам өмірін қиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы Құлан елді мекенінде жеке үйде болған өрт кезінде ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомоствоның ақпаратына қарағанда, өрт 21 сәуірде 05.45-те болған. «От уақытша салынған құрылыс орнынан шыққан. Жалын тілі 25 шаршы метр жерді шарпыды. Өрт орнынан 1968 жылы туылған ер адамның өртеніп кеткен денесі  табылды»,-делінген хабарламада.

 Өрт сөндірушілер 06.20-да тілсіз жаудың бетін қайтарды, 06.40-та толықтай сөндірілді.

Алдын ала болжамға қарағанда, сөндірілмеген  темекі тұқылы өрттің тұтануына себеп болған.

Соңғы жаңалықтар