Жамбыл облысындағы балабақшалар антитеррористік қорғаныс төлқұжатын алды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында антитеррористік қорғаныс төлқұжатын 308 балабақша алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма дерегі бойынша, қазіргі таңда Жамбыл облысында 51 746 баланы тәрбиелеп отырған 477 мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында 44 415 баланы қабылдайтын 327 балабақша мен 7 331 орындық 150 шағын орталықтар бар.

Бұдан бөлек, 251 балабақша аумағына видеобақылау камералары орнатылған.

Таразда 19 587 баланы қамтитын 110 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істеуде. Олардың ішінде 44 мемлекеттік және 45 жеке балалар бақшасы, 20 мемлекеттік және бір жеке шағын орталық бар. 

Соңғы жаңалықтар