Жамбыл облысында жемқорлықпен күрес форумы өтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері білім басқармаларының басшыларымен бірігіп, облыстың барлық оқу орындарында жемқорлықпен күрес күніне арнап, тәртіп сағаттарын өткізді. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарланды.

9 желтоқсан күні бүкіл әлемде БҰҰ Бас Ассамблеясы көтерген Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні аталып өтеді. Атаулы күнге орай аймақта 10 мыңнан астам жемқорлықпен күреске шақыратын парақшалар таратылып, «Сыбайлас жемқорлықсыз ел - өркендеуші ел» атты форум өтті.

Сыбайлас жемқорлық қоғам дамуының негізгі тежегіші. Биылғы жылы жең ұшынан жалғасудың алдын-алу мақсатында  650-ге  жуық іс-шаралар өткізіліп, оған  70 мыңнан аса тұрғындар қатысты. Ел болашағы тәрбиелі,білімді жастардың қолында. Сондықтан бүгінгі өткізілген форумға облыс әкімінің орынбасары , ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшылары және «Нұр Отандықтар» және білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Басқосуда  жауапты сала мамандары жыл бойы атқарған жұмыстарын баяндады. Сонымен қатар , форумға қатысушылардың назарына арнайы дайындалған бейнероликтер ұсынылды. 

Форумда Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов ел Президентінің басшылығымен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бағытында жүзеге асырылып жатқан реформалардың маңыздылығы туралы кіріспе сөз сөйледі.

«Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық азайды. Ең бастысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде ауыстырудың арқасындаүСонымен қатар, барлық қызмет көрсету орталықтарында видеороликтер қойылған», - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Дәурен Каипов.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жетекшісі Мақсұт Нәлібаев өңірдегі жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Сондай-ақ онда жемқорлықпен күрес барысында анықталған нақты фактілер туралы да айтылды.

Соңғы жаңалықтар