Жамбыл облысында жаңа балалабақшалар мен спорт алаңдары ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Еліміздің Тәуелсіздігін мерекелеу күні өңірде бірнеше спорт және білім беру нысандары ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Құмшағал алабында шағын футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Айта кетейік, облыс  орталығын дамытудың басты жоспары бойынша аталмыш тұрғын алабы жақында ғана қалаға аумағына қосылды және енді мұнда жедел инфрақұрылым дамып, заманауи мектептер бой көтеріп жатыр.

«Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылған осы және 4 алаң құрылысына 45 млн теңге қаржы жұмсалды. Осының бәрі қала тұрғындарының спортқа деген әуестілігін, спортқа деген ұмтылысын арттыру мақсатында жасалып жатыр. Елбасы халықты спортпен шұғылдануға тұрғындардың 30 пайызын жеткізуге міндет қойған. Сол тапсырманы орындау мақсатында қала әкімдігі тарапынан осындай жұмыстар жасалып жатыр, - деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жасұлан Ханалиев. - Құрылысты «Жасыл ел» ЖШС жүргізді. Биыл Шөлдала алқабында және осы футбол алаңын қоса есептегенде, екі алаңша іске қосылған. Ал жыл соңына дейін тағы 3 осындай футбол алаңын ашу жоспарда бар. Олар қаладағы Аса, Талас және Қарасай шағын аудандарында салынып жатыр. Одан бөлек Таразда 4 стрит воркаут алаңшасы жұмыс істеп тұр. Қазақ елі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына ену үшін, ең әуелі елдің көшін өрге сүйрейтін жастардың денсаулығы мықты әрі шымыр болуы керек. Спортты жанына серік еткен жас ұрпақтың тәні мен рухын шыңдау жолында нақ мұндай спорт алаңшаларының қосар үлесі қомақты».  

Бұдан бөлек, еліміздің Тәуелсіздік күнін мерекелеуде Жамбыл облысында үш жаңа балабақшаның іргесі қаланды.

Тараздағы «Талас» шағын ауданында 280 орындық №42 «Жұлдыз» балабақшасы ашылған. Мұндағы балалар 12 топта, екі тілде - қазақша және орысша тәрбиеленеді. Балабақшаның ашылуы 80-нен астам адамды жұмыспен қамтуға сеп болды. Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу құны - 306 млн тенге.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде Мерке ауданының Мерке ауылында «Таңшолпан» және Ақермен ауылында «Шағнұр» балалар бақшасы пайдаланылуға берілді. 

Соңғы жаңалықтар