Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -6 °С
Алматы: 1 °С
USD 319.88 EUR 394.41
RUB 5.65 CNY 50.42
Жаңалықтар

Жамбыл облысында зақымдалған теміржол бөлігі жабық тұр

2018 жылғы 13 ақпан 19:51 442
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында зақымдалған теміржол бөлігі жабық тұр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл теміржол бөлімінде болған оқыс оқиғаның егжей-тегжейі белгілі бола бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теміржол бойынан табылған мәйіттің кім екені анықталмай жатыр Павлодарда полицияның мәйіті табылды

«Шу - Отар бағдарының «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына тиесілі №3406 жүк пойызының 15 вагоны рельстен шығып, тоғызы аударылған. Соның салдарынан үш жолаушы пойызы кешікті, пойыздар екінші жолмен жүріп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Жамбыл облыстық ТЖД басшысы Бағдат Даниловтың сөзіне қарағанда, вагондардың аударылуынан теміржол және электр бағандарына зақым тиген. Ал вагондардың жолдан шығып кетуіне дәл не себеп болғаны әлі толық белгілі емес. «Оқиға орнында қазір «Қазақстан темір жолының» арнайы комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Комиссияның тексерістерінің қорытындысы кейін жарияланады», - дейді ол.

Оқиға орнында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 110 қызметкері жұмыс істеп жатыр, 13 техника, екі дрезина, Шу және Алматы стансаларының екі қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін 12 ақпан күні 13 сағат 53 минутта Жамбыл жол бөлімінің Шу-Отар учаскесінің Көктөбе-Еспе аралығында №3406 жүк пойызының вагондары рельстен шыққаны туралы хабар берген едік.

 

 


Басты сөздер: Жамбыл облысы, Оқиға, ҚТЖ,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат