Жамбыл облысында ұлттық ат спортынан ел чемпионаты басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпионат сәуірдің 10-15-і күндері Бектөбе ауылындағы "Атшабар" ипподромында өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жастар арасындағы жарыстарға 1997-2000 жылдар аралығында туған жасөспірімдер қатысады. Олар спорттың төрт түрінен - көкпар, аударыспақ, жамбы ату және теңге ілуден өзара сайысқа түседі. Чемпионатқа 12 облыстан 240 спортшы қатысады деп күтілуде", - деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгінгі брифингте

Ал сәуірдің 12-14-інде Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР Кубогы мен кезекті жастар ойындары өтеді. Оған барлық өңірлерден 360-жуық спортшы қатысады. Сондай-ақ, сәуірдің 14-і күні Павлодар облысында Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған дзюдодан xалықаралық турнир ашылады.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Жұманбай депутаттардың осы аптадағы жұмы кестесін жариялап ,  бірқатар мемлекеттік орган басшыларыны аймақтарды аралайтынын жеткізді.  

Соңғы жаңалықтар