Жамбыл облысында «Тұлғалар тұғыры» мемориалдық кешені ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Кенен ауылдық округінде «Тұлғалар тұғыры» атты мемориалдық кешен ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге еңбек ардагерлері, зиялы қауым, көрнекті қоғам қайраткерлері, депутаттар мен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты.

Қордай жері ежелден құт қонған, қасиет дарыған киелі өлке саналады. Елін, жерін жаудан қорғаған атақты батырдың есімімен аталатын өңірдің тарихы тым тереңнен тартылады. «Тұлғалар тұғыры» ескерткіші Қордай жерінен шыққан белгілі тұлғалар Өтеген батыр, Кебекбай шешен, Ноғайбай би және Кенен Әзірбаевқа арналып тұрғызылуда.

Мемориал құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында басталды. Құны 60 млн.теңге болатын ескерткіш жеке кәсіпкер Қ. Қаймолдаұлының қаражатына салынды. Архитектуралық жобасының авторы Б. Сегізбаев.

Өтеген Өтеғұлұлы 1699 жылы Шу өзенінің бойында қазіргі Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Өтеген қазіргі Қапшағай су қоймасының орнында, Шеңгелді деген жерде, Іле өзені жағасына жерленген. Батырдың сүйегін 1973 жылы оның ұрпақтары Қордай ауданы территориясына Кеңес ауылына қайта жерлеген. Батырдың сүйегі жерленген орынға кесене тұрғызылған.

Кебекбай Байторыұлы 1800 жылы Мәтібұлақ басында туып, 1887 жылы дүниеден озған. Кебекбай шешен ел арасындағы күрделі даулы мәселелерді бір ауыз сөзбен түйіндеп шешетін болған. Оның шешендігі мен әділ биліктері аңыз болып таралып, қазақтың шешендік өнері туралы  кітаптарға  енген.

Ноғайбай би 1834 жылы  Қордай ауданында дүниеге келген. Талас, Қордай өңірлеріндегі Қоқан ханына қарсы көтерілген қазақ руларын басқарған. Қордай ауданы Ноғайбай ауылында Ноғайбайдың күмбезі бар. 

Кенен Әзірбаев (1884-1976) ғасырға жуық ғұмыр кешкен. Кенен тарихи оқиғалардың бел ортасында болды.

Соңғы жаңалықтар