Жамбыл облысында терроризммен күрес бойынша барлаушылар жиыны өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Жамбыл облысы Луговой гарнизонында террористік іс-әрекетке қарсы дайындық бойынша барлаушылар бөлімшелерінің жиыны өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХА тілшісі. 

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бұл іс-шара «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерінің 2017 оқу жылына бекіткен жауынгерлік әзірлік жоспары бойынша өткізілді.

Барлаушы бөлімшелерінің әскери қызметкерлері бір апталық жиын барысында тәжірибе жүзінде елді мекендерде барлау жұмыстарын жүргізуге, заңсыз қарулы құрылымдар тобын оқшаулағау және жоюға, аумақты тазалауға үйренді. Сабақты шынайы жүргізу үшін пайдаланылмай тұрған ғимараттар қолданылды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы барлау басқармасының басшылығы бағалағандай, бөлімшелер берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, кез келген тапсырманы дайындауға әзір екендігін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар