Жамбыл облысында тауарлардың 30%-ы талапқа сай емес

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков өңірдегі өнім қауіпсіздігін бақылау мен мониторингтің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Б. Жарқынбековтың айтуынша, тек үш айдың ішінде тұтынушылар 250 сауда нысаны мен қоғамдық тамақтану орындарынан 3,5 млн теңгеге сауда жасаған.  Мобильді топтар құрылып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден жеткізілетін тауарлардың зертханалық тексеруі жүргізіліп жатыр.

Мамандар 4 410 көлікті тексерген, оның 2 880-і азық-түлік өнімдерін, ал 678-і - азық-түлік емес тауарларды тасымалдаған. Өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы салдарынан 554,2 тонна жеміс, кептірілген жеміс пен көкөніс, 60 тоннадан астам ірі бұйымдар, 58,1 тонна кондитерлік  және жеті тоннадан астам ет өнімдері қайтарылған.

«Санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға арналған өнімдерді іріктеу мемлекеттік органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады және оны сатып алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады. Барлығы 3600 азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар іріктеліп, оның 13,1%-ының Кеден одағының техникалық регламентіне сай келмейтіні анықталды», - деді спикер.

Балалар тауарлары бойынша департамент мамандары 193 үлгіні алған, оның 52,3%-ы белгіленген талапқа сай келмеген. 

Фото: forumdaily.com

Соңғы жаңалықтар