Жамбыл облысында су қоймаларындағы құтқару жұмыстарына жұмыссыздар тартылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Жамбыл облысында су қоймаларында рейд жүріп жатыр, онда судан құтқару жұмыстарына жұмыссыздар тартылуда, деп хабарлады Тараз әкімдігіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Жыл басынан бастап Таразда өз үйіне жақын маңда алты жасар бала суға батып кетті. Әрине, қайғылы жағдай. Ата-аналары балаларының қайда  жүргенін, кез-келген жерде суға түсу қауіпті екенін  біле тұра, оларға тыйым салмайды. Сондықтан құтқарушылар балаларын қараусыз қалдырмау үшін түрлі тәсілмен ата-аналарының санасына жеткізуге тырысуда», - деді брифингте қала әкімінің орынбасары Мақсат Ахаев.

 «Су қоймаларында шомылуға қауіпті жерлер айқындалды. Талас өзені жағасына - «Тектұрмас» кешені ауданындағы көпір маңына, «Бөбек» сауықтыру орталығы,  Қазкентке жақын көпір маңында, Шөлдала тұрғын үй алқабында тыйым салу белгілері орнатылды. Бұдан басқа, қауіпті учаскелерде құтқару постары құрылды. Құтқару жұмыстарына жұмыссыз ретінде тіркеліп, судан құтқару қызметтерінде арнайы дайындықтан өткен   26 адам тартылды», - деді Мақсат Ахаев.

Облыстық прокуратура деректеріне сәйкес шомылу маусымы басталған сәттен бастап өңір су қоймаларында 18 адам суға кетті, оның 12-сі бала.

Соңғы жаңалықтар