Жамбыл облысында шегіртке 4 ауданға қауіп төндіруі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары басталды. Мамандар бұған жылдағыдан ерте кірісті, деп хабарлайды Хабар24кz.

Өйткені аймақта марокко зиянкесі таралған аумақ көлемі артып, облыстағы 80 ауылдық округте тіркелген. Әсіресе Талас, Сарысу, Жамбыл және Байзақ аудандарында ерекше көп шоғырланғандығы байқалады. Қазір алғашқы дәрілеу жұмыстары осы жерден басталды. Биыл өңірде 355 мыңнан астам гектар жер химиялық өңдеуден өтеді. Оған 580 миллион теңге қаражат бөлінді. 70-тен астам жерден дәрілейтін техника және 11 ұшақ дайын тұр. Сонымен қатар Марокко елінен арнайы сарапшы мамандар шақыртылған. Олар зиянкестермен күресудегі тәжірибелерімен бөліспек.

«Биылға Марокко шегірткесі 298 мың 710 гектар жерге жайылған. Химиялық өңдеу жұмысын жасауға дайындық 100 пайыз. Улы химикаттар жеткізілді. Марокко шегірткесіне 29 мың 859 литр улы химикат - пестицид жеткізілді»,-деді Ауыл шрауашылығы министрлігінің Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық инспекциясының басшысы Нұрби Жігітеков.

Соңғы жаңалықтар