Жамбыл облысында пробация қызметінің бұрынғы басшысы сотталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Шу аудандық сотында пробация қызметі бұрынғы басшысының ісі қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шу аудандық пробация қызметі бөлімінің бұрынғы басшысы сотталушыдан сотқа пробациялық бақылаудың мерзімін қысқарту немесе алып тастау туралы ұсыныс жіберу үшін жүз мың теңге талап еткен. Бұдан бөлек, бұзушылық бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда пробациялық бақылаудан өту кезінде көмектесуге уәде еткен.

Шу аудандық сотының үкімімен пробация қызметінің бұрынғы басшысы ҚР ҚК 366-бабы бойынша айыпты деп танылып, 5 млн теңге айыппұл салынған және мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет етуіне шектеу қойылды.

Сотталушы «әділет майоры» шенінен айырылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ, деп мәлім етті Шу аудандық сотының баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар