Жамбыл облысында мұнай базасында болған өрттің алдын ала себебі белгілі болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мерке мұнай базасында болған өрт ауыздықталды. Осылайша ТЖД қызметкерлері бензин құйылған цистернаның жарылуының және өрттің тұрғын үйлерге тарап кетуінің алдын алды, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша өртке цистернадан бензинді сорып алатын сорғыда болған тұйықталу себеп болуы мүмкін.

Оқиға салдарынан мұнай базасының 3 қызметкерін күйік шалды. Денелерінің 90-100 пайызы күйіп қалған олар Мерке аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер олардың өмірі үшін арпалысып жатыр.

Айта кетейік, өрт бір жарым сағат ішінде ауыздықталды. 

Соңғы жаңалықтар