Жамбыл облысында мұнай базасы өртенді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Меркі ауданындағы мұнай базасы өртеніп жатқаны туралы бейнекөріністі ғаламтор пайдаланушылары жария етті.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің анықтауынша, Жамбыл облысы бойынша ТЖ департаменті Меркі мұнай базасының аумағындағы бір цистернаның отқа оранғандығын хабарлады. Қазіргі уақытта өрт сөндірілген. 

Оқыс оқиға салдарынан үш адамды күйік шалған, олардың барлығына медициналық көмек көрсетілген.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар