Жамбыл облысында мал ұрылары ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жылқы ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қылмыскерлердің әрекеттері салдарынан жапа шеккендердің қатарында Рысқұлов ауданы Шолақ Қайыңды ауылының екі тұрғыны, Жамбыл ауданы Аса және Амангелді елді мекендерінің екі тұрғыны бар, - деп түсіндірді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі. - Олардан бір малдан ұрланды. 68 жастағы Тараз тұрғыны бірнеше жылқыдан айрылды. Оның жылқыларын Қарасай жайылымынан ұрлаған. Қаскөйлер Жамбыл ауданы Ақшолақ стансасының тұрғыны, 53 жастағы әйелге тиесілі бес жылқыны да қолды еткен».

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер Тараз, Мерке және Рысқұлов аудандарының тұрғындарынан құралған қылмыстық топ ұсталды.

Сонымен қатар Жамбыл ауданы Октябрь-Жеңіс ауылының 28 жастағы тұрғынының жылқысын ұрлаған адам белгілі болды. Бұл осы елді мекеннің 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осы ауданның Рахат және Шоқай ауылдарының екі тұрғынын ұстады. Олар 100 қой ұрлаған.

«Ұсталғандардың барлығы өз кінәларын толық мойындады. Қазір олардың Қазақстанның өзге аумақтарындағы ұрлыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - деді құқық қорғау ведомствосында.

 

Соңғы жаңалықтар