Жамбыл облысында коммуналдық меншіктегі 21 мекеме жекешелендіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында тұрғын үй-коммуналдық, медициналық, спорттық мекемелер мен балаларға арналған жазғы сауықтыру нысандары бәсекелі ортаға берілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан Тараз» телеарнасына сілтеме жасап.

Коммуналдық меншік саласында 37 ұйымның тізбесі бекітілген. Оның екеуі 2014-2016 жылдар аралығында таратылса, 10-ы 2015-2016 жылдары сенмігерлік басқаруға берілген. «Қаулы талаптарына сәйкес, қалған 25 ұйым бәсекелі ортаға 2017-2018 жылдары берілуі тиіс», - дейді Жамбыл облыстық қаржы басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков.

Облыстық коммуналдық меншік нысаны болып табылатын 21 ұйымның 19-ы биылғы жылы сатылуы керек. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болғандай, олардың 4-еуі  сатылып, облыс бюджетіне 1 млрд. 99 млн теңге қаражат түскен. Өтініштердің түспеуіне байланысты 6 ұйымға тендер өткізілмеген. Осы 6 ұйымның ішіндегі - Жамбыл облыстық консультациялық және диагностикалық медицина орталығын жекешелендіруге бермеу жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігіне Жамбыл облысы әкімінің атынан хат жолданған. Себебі, аталған мекеме басшысы мен қызметкерлері тарапынан облысқа бір диагностикалық орталықтың қажеттігі туралы өтінім келіп түскен болатын. Әзірге, оның жауабы күтілуде. Брифингте басқарма басшысы осы жылдың қазан-желтоқсан айларында аукционға шығарылатын мекемелер тізбесін атап өтті.

«Қазан айында сауда-саттыққа шығарылып, өтініштердің түспеуіне байланысты өтпеген деп танылған «Таразэнергоорталық» АҚ, «Темір жол  жылу» және №9 қалалық емхана сенімгерлік басқаруға беру үшін сатылымға шығарылады. «Айша бибі» су добы клубын» да дайындап отырмыз. Кестеге сәйкес, 5 ұйым, атап айтсақ, Жуалы ауданының «Жасыл Ел  - Жуалы», Сарысу ауданының «Көгалдандыру және көріктендіру», Шу ауданының «Шу - Сервис» және «Таразкоммуналкөлік» ЖШС-лары мен Меркі ауданы әкімдігінің «Таза су» мекемесі қазан-желтоқсан айларында шығарылады», - Гамлет Қайнарбеков.

 

 

Соңғы жаңалықтар