Жамбыл облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК 10 қаңтар күні Жамбыл облысында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жететінін болжап отыр. Бұдан тыс, облыстың таулы аудандарында жауын-шашынның болуына байланысты қар көшу қаупі сақталады.

Еске сала кетсек, бір жыл бұрын Жуалы ауданына қарайтын Талас Алатауының бөктеріндегі Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жоспарлы сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні  орын алып, бірнеше әскери қызметші қаза тапқан болатын.

https://kaz.inform.kz/news/zhambyl-oblysynda-askerilerdin-zhattyguy-kezinde-kar-koshkini-tusti_a3000486

«Қар көшу қаупі болғандықтан, таудың қарлы бөктеріне шықпауға кеңес береміз. Тауда абай болыңыздар», - деп ескертеді Жамбыл облыстық ТЖД-дегілер.

Облыс автожолдарындағы көлік қозғалысы әзірше тұрақты, Қордай, Күйік, Шақпақ, Хантау асулары ашық.

Облыста күндіз кейбір жерлерде жауын-шашын, көктайғақ болып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 2-7 градус нөлден төмен, ал кейбір жерлерде минус 12-17 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +5 градусқа дейін жылы, кей жерлерде минус 5 градусқа дейін төмендейді.

Таразда ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Кейбір жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы түнде минус 4-6 градус, күндіз 3-5 градус нөлден жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар