Жамбыл облысында иіс тию салдарынан 2 тұрғын мерт болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Түтіндіктегі ақау салдарынан тағы бір қайғылы оқиға Жамбыл облысында орын алды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«23 қазанда сағат 11:30-да  Мерке  ауданы Ойтал ауылындағы  жеке үйдегі пеш түтіндігіндегі ақау  салдарынан 2 адам иістен уланып, оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен. 

Сонымен қатар сол күні сағат  23:10-да Жамбыл ауданы  Гродеково ауылы Таласская көшесінде орналасқан жеке үйде газ колонкасындағы ақау  салдарынан 5 адам (солардың бірі бала) иістен уланып, №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Көмек көрсетілген соң үйлеріне босатылды.

Соңғы жаңалықтар