Жамбыл облысында фосфор кенін өндіруді онлайн режімде бақылайды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Сарысу ауданындағы тау-кен кәсіпорнында өндіріске компьютерлік басқару жүйесін енгізу бойынша әлемнің жетекші компанияларының тәжірибесі қолданылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 2010 жылдан бастап «ЕуроХим» ірі халықаралық минералды-химия компаниясы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында Қаратау-Жаңатас фосфориттік бассейніндегі бірқатар кен орындарын игеруде, сондай-ақ Сарысу ауданында (Жаңатас қаласы) кең ауқымды минералды тыңайтқыштар өндіретін ірі зауыт салуда.

Жақында «ЕуроХим-Тыңайтқыш» тау-кен өндіру кәсіпорнының өндірістік процесіне (инвестициялық жобаның құны 950 млн доллар) «Ақылды карьер» жүйесі енгізілді.

Енді орталық диспетчерлік кәсіпорнынан онлайн режімінде фосфор кенін шығаратын карьердегі техникалардың қозғалысын, отын шығынын, кен өндіруді, оны өңдеу кешеніне жеткізуді, сондай-ақ дайын өнімді теміржол вагондарына тиеуді қадағалауға болады.

Кәсіпорын директоры Болат Кәрімовтің ақпараты бойынша, қазіргі таңда кен өндіру көлемі жылына 2 млн тоннаға жеткен. Мұнда бір айда 55 мың тонна фосфор ұнын шығарады.

Болашақта химия кешені жобасын жүзеге асырудың екінші кезеңі аяқталғаннан кейін, Жаңатаста жобалық қуаттылығы жылына 1,4 млн тонна болатын минералды тыңайтқыштар өндірісі іске қосылады. Аталмыш жоба 2020 жылға жоспарланған. Өткізу нарығы да белгілі Бұл елдер: Орталық Азия, Ресей және Қытай. 

Еске сала кетейік, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың 17 қарашасында Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған еді. Сапар барысында ол бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралады. Үкімет басшысы шетелдік инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Индустрализация картасына кіретін бірқатар ірі өнеркәсіптік нысандармен танысқан еді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында жалпы инвестициялық көлемі 159 миллиард теңге болатын 53 кәсіпорын іске қосылды. 6200 жаңа жұмыс орыны ашылды.
2017 жылдың басынан бері өңірдегі өнеркәсіптік өндірістің көлемі 226,9 теңгені құраса, нақты көлем индексі  - 100,6% болған.  

Соңғы жаңалықтар